Арнайы хабар

Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамту мәселесі

12:30, 5 қараша 2019   47

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың қатысуымен ​4 қараша күні «Елорданы газбен қамту» тақырыбы аясында конференция өтті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары газ тартылғаннан кейін елордада жылу тарифі қымбаттайтынын айтты. Сондай-ақ  бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру» жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, «Госэкспертиза» РМК оң қорытындысы алынған.

Елорда әкімі орынбасарының айтуынша, қаланы толықтай газбен қамту үшін бес жыл қажет. Көгілдір отынды тарту үш кезеңмен жүзеге асырылады. 2020 жылдың жазында Көктал1, Көктал2 тұрғын алаптары алғашқы болып газдың игілігін көрмек. Бірақ жылу орталықтары көмірден бірден бас тартпайды екен. Демек тариф те кезең-кезеңмен өсіріледі. Әзірге нақты баға белгіленбеген. Мамандардың айтуынша, елорда көгілдір отынды қабылдауға дайын.

Осы жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі отын энергетикалық ресурстарының басшысы Есмағұлов Мақсаттың сұхбатынан толығырақ біле аласыздар.

https://astana.fm/ru/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1042055