Астана вокзалында көліктер үшін тағы екі өткізу жолы салынады

17:09, 16 ақпан 2017   72

Астана вокзалында көліктер үшін тағы екі өткізу жолы салынады. Бұл туралы xалықпен есептік кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті. Исекешевтің ойынша, келесі аптада вокзалдағы жағдай едәуір жақсарады.

"Қазірдің өзінде біз барлық алаң көлікке толып, көлік қоятын орын таба аламайтындай жағдай жоқ екендігін көріп отырмыз. 50-60% толады, бос орындар бар. Кезек мәселесі бар, теxникалық мәселелер бар. Оларды біз шешеміз. Меніңше, осы аптада, келесі аптада көлік өткізу мүмкіндігі артады", - деп түйді сөзін қала басшысы.

Астана радиосы