Бақыт деген...

«Бағдаршам» хабары

23:30, 23 қараша 2019   195

«Астана» радиосында әр сенбі сайын 21:00 мен 23:00 аралығында жастарға арналған жаңа жоба – «Бағдаршам».

«Бағдаршамның» кезекті шығарылымы «Бақыт деген...» тақырыбына арналды.

Ғалымдар бақыт – адамның қалауын қанағаттандыруы депті. Олар бақыт екі нәрседен тұрады деп тұжырым жасайды. Бақыт әлденені қалау және сол қалауға қол жеткізудің арасында көңіл-күй депті. Мәселен: күн ыстық болып шөлдедік делік, сол кезде әлде бірнәрсенің жетпейтінін іштей сездік, су ішуге деген ұмтылыс пайда болды, суды іштік те бақытқа кенелдік. Көпшілік шынайы бақыт деген осындай арман-тілектердің жүзеге асуы деп есептейді. Сонда біз іздеп жүрген бақыт деген осы ма?

Бірақ біз нені қалаймыз? Ол қалау кімнің қалауы? Күн сайын өзгеріп жаңасы пайда болып отыратын материалдық құндылықтарға не үшін үздіксіз ұмтыламыз? Бақытты ұстап алуға соншалықты құмартып, иеленгіміз келгенмен көзге көрінбейтін елес секілді, өйткені бақытты жоқ жерден іздедік. Адам бақытты көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Бақытты ақшаға сатып ала алмаймыз. Бақытқа байлықпен де жету мүмкін емес. Себебі, бақыт одан да қымбат.

Екі сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушілері: әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңға жүйрік Әбілқасым Есентай, нұры тасыған Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1050530

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1050531