window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

Достық жыры

«Біздің уақыт» хабары

13:30, 19 қараша 2019   256

«Біздің уақыт» хабарын «Астана» радиосынан дүйсенбі мен жұма аралығында 10:00 мен 13:00 аралығында тыңдай аласыз.

«Біздің уақыт» хабарының кезекті шығарылымы «Достық жыры» тақырыбына арналды. 

Достық дегеніміз не?

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.

Үш сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048014

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048018

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048020