Фобия

«Бағдаршам» хабары

23:30, 16 қараша 2019   147

«Астана» радиосында әр сенбі сайын 21:00 мен 23:00 аралығында жастарға арналған жаңа жоба – «Бағдаршам».

«Бағдаршамның» кезекті шығарылымы «Фобия» тақырыбына арналды. 

Фобия (грек тілінен phobos – қорқыныш) адамға нақты қатер төндірмейтін (немесе кішігірім) қалыпты дәрежеде қорқытатын құбылыстар мен объектілерге қатысты үрей. Оның объектісіне әр түрлі заттар кіруі мүмкін. Олар әр түрлі жағдайлар (қоғамдық мекемелер), жануарлар (өрмекші, мысық), кеңістік (ашық, жабық, биік, аласа), адамдар және қарапайым заттар (өткір заттар, қуыршақтар) және т.б. Фобия негізінде қауіпті құбылысқа қарсы миға сигнал беру әдісі. Қарапайым адам фобияны дұрыс және белгілі бір мақсатта қолданады.

Адамдарда фобия ауру дамуының бірнеше себептері бар. Бірақ олардың нақты 100 пайыз дәлелі жоқ. Мысалы, Фрейдтің теориясына сәйкес, фобиялар балалық шақтағы бейтарап объектіге жасырын қорқу немесе жарақат алудың нәтижесі болып табылады. Бәлкім, қандай да бір түрде жарақат тақырыбымен байланысты.

Екі сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушілері: әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңға жүйрік Әбілқасым Есентай, нұры тасыған Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1046593

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1046594