Қазақ күресінің тарихы

"Түнгі life" хабары

23:30, 20 қараша 2019   145

Хабар қонағы: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ күресі федерациясы төрағасының орынбасары ҚҰЛЕКЕШЕВ Ғалым Ізбанұлы.

Ғалым Ізбанұлы 1960 жылы 2 ақпанда Байғанин ауданы,Қарауылкелді ауылдық округі, Көкбұлақ ауылында туған – спортшы, бапкер, педагог. 1981 жылы Орал педагогика институтын бітірген соң Байғанин балалар спорт мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, Ақтөбе, Астана қалаларындағы балалар спорт мектептерінде жаттықтырушы қызметтерін атқарды.,Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Спорттың қазақ күресі саласы бойынша жоғары дәрежелі төреші, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-ұстаз. Қазақша күрестен бірнеше ҚР чемпиондарын және Азия ойындарының самбо бойынша жүлдегерлерін дайындады. 2007 жылы оған «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы» құрметті атағы берілді.

Жүргізуші-редактор: Айбек Қосан.

https://astana.fm/kz/archive/programs/aleumet/tungi_life/1048350

https://astana.fm/kz/archive/programs/aleumet/tungi_life/1048351