«Қазбат» көркем фильмі

«Біздің уақыт» хабары

13:30, 21 қараша 2019   105

«Біздің уақыт» хабарын «Астана» радиосынан дүйсенбі мен жұма аралығында 10:00 мен 13:00 аралығында тыңдай аласыз.

«Біздің уақыт» хабарының кезекті шығарылымы «Қазбат» көркем фильміне арналды. Студияда қонақта: жас актер – Дияс Мырзахмет және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған, ҚР ішкі әскерінің жедел әскери бөлімі 7-рота құрамындағы 3-взвод командирі Қайрат Аманжолұлы Сатпаев.

1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауында қалады. Бір сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған содырлар бес сағатқа созылған қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болады. Фильм барысында осынау сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлер жайлы баяндалады.

Жауға тосқауыл болған 6506 әскери бөлімінде Қостанайлық жауынгерлер де болған. Ішкі әскердің қазіргі мұрагері Қазақстан республикасының Ұлттық ұланы өзінің батырларын ешқашан ұмытпайды. Мұндағы негізгі мақсат олардың ерлігін экранға шығару арқылы қаза болған жауынгерлерге құрмет білдіріп, ел есінде қалдыру.

Көркем фильм 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасы арқылы көрерменге жол тартады.

Үш сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048452

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048454

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1048456