Махаббат

«Біздің уақыт» хабары

13:30, 14 қараша 2019   134

«Біздің уақыт» хабарын «Астана» радиосынан дүйсенбі мен жұма аралығында 10:00 мен 13:00 аралығында тыңдай аласыз.

«Біздің уақыт» хабарының кезекті шығарылымы «Махаббат» тақырыбына арналды. 

Махаббат деген қандай сезім?

Махаббат азбас байлық, тозбас қазына. Ал сезім лаулап жанған алау, жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы. Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі: бала махаббат – бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кетердей сезімде боласың. Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың. Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда, ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік, пәктік. Екіншісі: шала махаббат – май шам тәрізді лаулап жанады да, уақыты келгенде өшеді, май шамдай жанып бітеді. Үшіншісі: шынайы махаббат – адам жүрегі өмірлік махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалардай күйде болады.

Үш сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1045487

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1045489

http://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1045491