Сізде қандай жаман әдеттер бар?

«Біздің уақыт» хабары

13:30, 28 қараша 2019   57

«Біздің уақыт» хабарын «Астана» радиосынан дүйсенбі мен жұма аралығында 10:00 мен 13:00 аралығында тыңдай аласыз.

«Біздің уақыт» хабарының кезекті шығарылымы «Сізде қандай жаман әдеттер бар?» тақырыбына арналды.

Бірде атақты ғұлама Платон көшеде бұзақылық жасаған баланы ұстап алып, ұрсып берген екен. «Мені болар-болмас нәрсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» – деп ренжіген балаға данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды», – деп ескертіпті-міс.

Күнделікті өмірде көпшілік аса мән бермейтін дағдының адам өмірінде алар орны ерекше. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, адам – өз ортасына тез бейімделіп, көрген жағымды-жағымсыз қасиеттерді бойына тез жұқтырып алады. Осы орайда әсіресе жағымсыз әдеттің адамға кері әсері мен одан қалай арылудың жолдарын сөз ету әңгіме етуге тұрарлық мәселе.

Эфир барысында «Жаман әдет дегеніміз не өзі?» деген сұраққа жан-жақты тоқталып, қызықты пікірлер мен ойлар айтылды. Жаман әдет дегеніміз – сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, адамның жеке басына (денсаулығына, беделіне, мансабына, т.б.) кері әсерін тигізетін, жиі қайталанатын, соңы өкінішке ұласатын аса жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі мен ішімдікке әуестік, өтірік айту, жамандау, өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, екі кісіні шағыстыру, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тыймау, сұраншақтық, т.б.

Үш сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен танысамын десеңіз, «Біздің уақыт» хабарын тыңдаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1051691

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1051695