Телефонға телмірген уақыт

«Біздің уақыт» хабары

13:50, 12 қараша 2019   199

«Біздің уақыт» хабарын «Астана» радиосынан дүйсенбі мен жұма аралығында 10:00 мен 13:00 аралығында тыңдай аласыз.

«Біздің уақыт» хабарының кезекті шығарылымы «Телефонға телмірген уақыт» тақырыбына арналды. 

ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өскен. Ал, ұялы телефон байланысын пайдаланушылар да осы кезеңде 750 миллионнан 5 миллиардқа дейін көтерілген. Бүгінде бұл көрсеткіш 6 миллиардтан асты. Технология дәуірі осы үдерісінен жаңылмай дами беретін болса, алдағы бес-он жылда жер беті халқы интернетпен толық қамтылары сөзсіз. Жаһандану жолындағының бәрін жапырып, қазақтың өміріне, тұрмыс-тіршілігіне дендеп енді.

«Бұдан қашып құтыла алмаймыз» деп шарасыздық танытқаннан гөрі, мемлекеттік деңгейде ойланбасқа болмайды. Мойындау керек, интернет – кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін күрделі құбылыс. Оның, әсіресе, жастардың жадысын жоюға кері әсері көп. Жастайынан өлең жаттап, есеп құрастырып, қисынды амалдарды өз бетінше шешетін бала мен кез келген дүниені компьютерден іздейтін жеткіншектің қабілет-қарымын салыстыруға келмейді. Олай болса, бүгінгі жастардың уақытты үнемдеуді сылтауратып, интернетке жүгінуі жақсылыққа апармайтынын кеңінен түсіндіру әбден керек.  Осы тұста ата-аналардан да кінә бар,баласы жылай қалса болды қолына телефонды беріп тыныштандырып жатады.Ғаламторды зиян деп түбегейлі қарсылық білдіруге де болмайды, дегенмен оның да өз мөлшері болады.

Үш сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушілері: Ақмарал Көкенайқызы және Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1044669

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1044673

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/buzdun_uakit/1044675