Тәрбие. Өзіңнен баста!

«Бағдаршам» хабары

23:30, 9 қараша 2019   138

«Астана» радиосында әр сенбі сайын 21:00 мен 23:00 аралығында жастарға арналған жаңа жоба – «Бағдаршам».

«Бағдаршамның» кезекті шығарылымы «Тәрбие. Өзіңнен баста!» тақырыбына арналды. Қонақта танымал теле және радиожүргізуші Данияр Есен болды.

Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан,  ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс-тәжірибе, салт-дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.

Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.

Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемелекет мұқтаждығына, талаптарына  тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының, мұқтаждығының өтелуі, оның саяси – экономикалық күш-қайратын шыңдап, бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт – мемлекет талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау.

Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез келген ісінде патриоттық сезімі көрніс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемлекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.

Екі сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушілері: әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңға жүйрік Әбілқасым Есентай, нұры тасыған Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1043714

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1043715