Жаңалықтар

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

12:00, 28 қараша 2019   47

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады деп жоспарланған. Жиында ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралып, сондай-ақ ұйымның биылғы қызметінің басым бағыттарын жүзеге асыру қорытындылары шығарылады. Айта өтейік, бүгін қазақ басшысының қырғыз жеріне мемлекеттік сапарының екінші күні.

***

Елордада кезекте тұрған 419 адамға «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша сатып алу құқынсыз пәтер берілді. Олардың тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баспанаға өтінімдер биыл 28 қазаннан 8 қарашаға дейінг аралықта қабылданған болатын. Тізімде барларға Тұрғын үй қорының қызметкерлері қоңырау шалып, не істеу керектігін түсіндіреді. Тұрғын үй қорының баспанасына мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 18 қарашадағы шешіміне сәйкес, «Берекелі баспана» бағдарламасының іріктеуінен өткен.

***

Ресей мұрағаттарынан І.Жансүгіров туралы тың деректер табылды. Қаламгердің 125 жылдығы аясында бір топ делегация Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласына барып қайтқан болатын. Олар осы сапарда Алаш арысының елімізде жоқ туындылары мен шығармаларын тапқан. Жетісулық зерттеушілер бұл құнды дүниелердің көшірмелерін әкеліп, алдағы уақытта кітап ретінде шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Ұлттық арна. Делегация көрші елден Ілияс Жансүгіровтың 30-ға жуық кітабын тауып қайтқан. Сол 30 кітаптың 18-і - елімізде жоқ туындылар.

***

Парижде Моцарттың жас кездегі портреті бәссаудаға шығарылмақ. Картинананың бастапқы құны 200 мың еуро, - деп хабарлайды Хабар 24. Туындыны Джамбеттино Чиньяроли есімді итальяндық суретші салған. Джамбеттино бар-жоғы төрт қана портреттің авторы. Сондықтан болса керек картиналарының құны қымбат. Қазір шығарма жеке коллекционердің қолында. Моцарттың портреті венециандық генерал Пьетро Луджиатидің тапсырмасымен салынған. 1770 жылы генаралға Веронадағы концерт кезінде жас композитордың шығармашылығы ұнап қалады. Сондықтан осы картинаға тапсырыс берген.

***

Бүгін Қазақстан жанкүйерлері асыға тосқан «Астана» - «Манчестер Юнайтед» кездесуі өтеді. Алайда ағылшын командасы елордаға қосалқы құрамы мен жастарын әкелді. 18 футболшының оны «Юнайтед» сапында алғаш рет алаңға шығайын деп отыр. Бұл да тарихи сәт болуы мүмкін. «Себебі қазақ жанкүйерлері болашақ футбол жұлдыздарын көреді» - дейді Манчестер клубының бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер. «Астананың» тізгінін ұстаған Роман Григорчук те бүгінгі ойында бірнеше жастарға орын беруі мүмкін екенін айтты. Бірақ команданың негізгі тірегі Марин Томасов «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнамайды. Ағылшын командасы сапында тәжірибелі ойыншылардан тек Джесси Лингард пен Люк Шоу ғана Қазақстан астанасы келді. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне күні бұрын жолдама алған «Юнайтедке» бұл кездесудің маңызы шамалы. Ол өз тобында 10 ұпаймен бірінші орында тұр. «Астана» келесі кезеңнен әлдеқашан күдер үзді. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/adebi-sazdy/zhanalyqtar/1051694