Жар таңдау – жауапты іс

"Бағдаршам" хабары

23:20, 2 қараша 2019   41

«Астана» радиосында әр сенбі сайын 21:00 мен 23:00 аралығында жастарға арналған жаңа жоба – «Бағдаршам».

«Бағдаршамның» кезекті шығарылымы «Жар таңдау – жауапты іс» тақырыбына арналды. Өмірде екі нәрседен: жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеудің маңыздылығын үлкендер қанша айтса да, зердеге тоқыған жастарымыз аз. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ғұмыры келте шаңырақ көтерген жастар көбейіп келеді, бұл тенденцияның соңы бейкүнә сәбилердің отбасы бақытын сезінбей, жарымжан көңілмен өсуіне әкеп соғады. 

Кез келген жас үйленер алдында ең алдымен өзінің ішкі жан дүниесіне сәйкес келетін жар таңдауы тиіс. Қазіргі таңда көптеген жастар осы бір өміршең мәселеге тек сезім тұрғысынан келіп, көшеде, кафеде, клубта кездескен біреумен асығыс отбасы құруды көздейді. «Үйлену үшін не істеу керек? Болашақ сыңарыңды қалай таңдау керек?» деген маңызды сауалдарды елемей барып бас қосқандардың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Қайта мәселеге жан-жақты қарап, шолу жасай алатын кісілердің де пікіріне құлақ асуына болар еді... Бұл оларға керісінше пайда әкелмесе зиянын тигізбейді.

Екі сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап, отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарлама барысында тыңдаушының өз ойымен бөлісіп, әңгіме айтуына үлкен мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 000.

«Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушілері: әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңға жүйрік Әбілқасым Есентай, нұры тасыған Нұртас Нұрғали. 

Бағдарламаның толық нұсқасын мұрағаттан және төмендегі сілтемеден тыңдай аласыз. 

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1041508

https://astana.fm/kz/archive/programs/akparat_astana/bagdarsham_astanafm/1041509