Қайрат Нұртас – «Жолықпадың ертерек» (2019)


15:28, 13 наурыз 2019   286

Кімді сүйдім дәл осылай белгісіз,

Саған деген сағынышым сенгісіз.

Кімді сүйдім дәл осылай зарығып,

Көңіліме жабырқаулы енді күз.

 

Қайырмасы:

Саған ғана еркінсідім еркелеп,

Неге, жаным, жолықпадың ертерек?

Мойыныңа тағып кеттім алқа-мұң.

Сені ойласам кеудем от боп өртенеді.

 

Жарығым-ау, таңдарыма тұрақта,

Жаңбыр болып жүрегімді жылатпа.

Тағдырымды сенен алыс қылды деп

Күрең кеудем қалды мәңгі сұрақта.