Мақпал Жүнісова & Мейрамбек Бесбаев – «Өмір»


11:21, 7 ақпан 2019   563

Тыңдашы құлақ түріп, тыңда,

Жүрегің жылап, күліп тұр ма?

Шыдашы сынаса да өмір,

Шығасың құлап-тұрып шыңға.

Күйіктен жылайды көп жүрек,

Биіктен құлайды кеп жүрек.

Өтірік жұбатсам сонда

Бәріне шыдайды кеп жүрек.

 

Қайырмасы:

Сүйеміз ұнады деп өмір,

Күйеміз сынады деп өмір.

Келмейді қайта айналып бізге,

Берілген бір-ақ рет өмір.

 

Жақының жатқа айналды неге?

Жалғандық таптайды арды неге?

Жауабын сұрақтардың сансыз

Келеміз таппай мәңгі неге?

Жібермей көздегенін тағдыр,

Жасайды өз дегенін тағдыр.

Сүйем деп мен сонда да сені,

Серт етіп, сөз беремін, тағдыр.

 

Арманға апаратын дара,

Ақ адал махаббатың ғана.

Ақпанның салқындығы болар

Ақ таңның шапағатында да.