Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты

17:54, 17 ақпан 2017   78

Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы  экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты.

Қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Еліміз 100-ден 69 балл сомасында жинады. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді.

Астана радиосы