«Астана» радиосы тыңдармандар арасында «Туған жер» атты өлеңдер байқауын жариялайды


12:18, 17 мамыр 2017   69

Құрметті тыңдарман! Кезекті еңбек демалысын жер жәннаты Жетісудың көрікті мекені «Жаркент-Арасан» шипажайында өткізгіңіз келе ме?!  Олай болса, «Астана» радиосы жариялаған  «Туған жер» атты өлеңдер байқауына қатысыңыз.

Байқау шарты бойынша, өзіңіздің туған жеріңіз туралы толғаныстарыңызды өлең етіп, radioastana@kaztrk.kz электронды поштасына жолдаңыз. Аталмыш өлеңдер «Кеш жарық!» хабарының аясында эфирде оқылып, 19 мамыр күні ең үздігі анықталмақ.

«Ақын болу шарт емес, туған жерді сүю парызың». Олай болса байқаудан шет қалма! 

Астана радиосы