Астанада 16-18 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі

17:55, 17 ақпан 2017   119

Астанада 16-18 ақпан аралығында елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Шара жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған.   «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілген алғашқы күні полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 520 оқиғасын анықтады. Соның ішінде апатты жағдай қалыптастыру, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, бағдаршамның тыйым салушы жарығына жүру, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон арқылы әңгімелесу бар. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өткені үшін 95 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана радиосы