Биыл еліміздің жоғары оқу орындарына бөлінетін грант саны артады

17:06, 16 ақпан 2017   206

Биыл еліміздің жоғары оқу орындарына бөлінетін грант саны артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысының ұстаздарымен кездесу барысында айтты. Биылғы жылы ЖОО-ларға бөлінетін мемлекеттік гранттардың саны артады.

«Бакалавриатқа гранттар саны 31 мыңнан 36 мыңға көбейеді, магистранттарға бөлінетін грант саны 7 мыңнан 10 мыңға және PHD екі есеге артады», – деді министр.Е.Сағадиев айтып өткендей, өткен жылы 75 мың педагог жаңартылған мектеп бағдарламасына орай оқытудан өтті.

«Жаңа жүйе ұстаздарға бағаны «онлайн» қоюға, ата-аналарға балалардың бағасын қадағалауға мүмкіндік береді. Қазір 770 мың ата-ана аталмыш қосымшаны қолданады», – деді ведомство басшысы.

Астана радиосы