Бүгін ХХIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады

16:05, 9 ақпан 2018   195

Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Біздің спортшыларымыз биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жарысу, шана спорты, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) сынды спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады.

Қазақтың көк туы Пхенчхан төрінде 7-ші ақпан күні көтерілді. Ал Олимпиаданың алғашқы сындары 8 ақпан күні басталды.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ – Қысқы Олимпиада ойындарының Қазақстан Республикасындағы негізгі хабар таратушысы. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында 150-ге жуық тікелей трансляция жоспарланған. Оның ішінде 60-сын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы, ал «Qazsport» телеарнасында – 85-тен астам трансляция жүргізілмек.

Айта кетейік, бүгін фристайлдан (Могул. Ерлер/Әйелдер. Іріктеу кезеңі) жарыс кезінде қазақстандық 3 спортшыл Павел Колмаков (79.98), Дмитрий Рейхерд (81.23) және Юлия Галышева (76.36) финалға шықты.

Бүгін Астана уақытымен 16:50-де Олимпиаданың ресми ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетпек. Онда Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шығады.

olympics.kaztrk.kz

Астана радиосы