Дәрігердің қабылдауына «103» қысқа нөмірі арқылы жазылуға болады

17:05, 16 ақпан 2017   275

Дәрігердің қабылдауына «103» қысқа нөмірі арқылы жазылуға болады, деп хабарлады Астана әкімі Әсет Исекешев халық алдында есеп беру кездесуінде.

Астана әкімі халық денсаулығының аса маңызды екендігін атап өтті. "Ауруханада емделу – денсаулықтың 10%, 50%-ы экология мен салауатты өмір салтына байланысты", — деп қорытты Әсет Искешев. Зерттеу нәтижелері бойынша 2016 жылы елордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрады.   

Астана радиосы