Елордада 8,6 миллион гүл егіледі

10:57, 14 мамыр 2019   326

Елордада гүл егу жұмыстары басталды. Қаланың барлық аудандары көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Аудан әкімдері мердігерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейтуі керек. Сондай-ақ, қала аудандарының 30 мамырға дейін гүл егу жұмыстарын аяқтап, барлық қажетті шараларды қабылдауы керектігін атап өткім келеді», – деді әкімдіктегі кезекті отырыста Арман Тұрлыбек.

Қала әкімі орынбасарының атап өтуінше, биыл гүлдердің рекордтық саны егіледі деп жоспарлануда. Оның мәліметіне қарағанда, олардың саны 8,6 миллионды құрайды. Жоспарға сәйкес көктемгі кезеңде қалада 14 мың ағашты отырғызылмақ.