Елордада бірқатар медициналық мекемелерде кардиолог, невропатолог, окулист, травматолог секілді мамандар тапшы - Камалжан Надыров


22:01, 4 қазан 2017   91

Елордада бірқатар медициналық мекемелерде кардиолог, невропатолог,окулист, травматолог секілді мамандар тапшы. Осыған байланысты тұрғындардың көбі жеке поликникаларға жүгінеді. Бұл туралы Астана радиосының «Қала тынысы» бағдарламасында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Сондай-ақ қалада 73 мың тұрғын тұмауға қарсы екпені тегін қабылдайды. Ең алдымен балалар, жүкті әйелдер, медициналық қызметкерлер қамтылады.

Астана радиосы