Елордада «Тіл тазалығы» акциясы басталды

08:09, 12 сәуір 2019   31

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалауға, заңнаманы бұзғандардың жауапкершілігін күшейтуге, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін өсіруге, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін қателіктердің алдын алуға бағытталған.

Жиын қорытындысы бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жарияланды. Онда «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы аясында жарнамадағы қателерді түзеуге шаһар тұрғындарын атсалысуға шақырған.