Елордалық 10 жасар оқушы ЭКСПО-2017 үшін ұтқыр гид-қосымша әзірледі

17:56, 17 ақпан 2017   240

Елордалық 10 жасар оқушы ЭКСПО-2017 үшін ұтқыр гид-қосымша әзірледі. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды. Онда халықаралық көрмеге қатысушы елдердің павильондары геолокациямен көрсетілген. Қосымша көмегімен кез келген адам көрменің қай павильонына қалай бару қажеттігін біліп қана қоймай мейрамханалар, такси мен автобустар, анықтама бюросы қызмет түрлерін де ала алады.  Айта кетерлігі, аталған қосымшаны Астананың 10 жасар оқушысы Аймен Нұржан жасап шығарды», - делінген Inventor Academy мектебі баспасөз қызметінің хабарламасында

Астана радиосы