FlyArystan әуе компаниясы 12 күнде 16 мыңға жуық билет сатқан

10:46, 12 сәуір 2019   35

«FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы 12 күнде 16 мыңға тарта билет сатты. Аталған компанияның қызметіне сұраныс өте жоғары», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр. Оның сөзінше, 1 мамырдан бастап биылғы жылдың соңына дейін FlyArystan жуық мөлшермен 1 миллионға тарта жолаушыны тасымалдайды.

«Билет құны ұлттық әуе тасымалдаушылармен салыстырғанда екі есеге арзан. Бұдан бұрын хабарланғандай, FlyArystan компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы тұрақты байланысты 1 мамырда ашады. Қос қала арасындағы күнделікті әуе қатынасын сыйымдылығы 180 орындық Airbus A320 ұшақтары қамтамасыз етеді. Бір жаққа билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 7 мың теңгеден басталады.