Қазақстанда 2,3 млн адам электронды сауда жасайды

11:10, 14 мамыр 2019   293

2018 жылы Қазақстанның онлайн-сауда нарығының көлемі 269 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсті және 269 млрд теңгені құрады. Электрондық сауданың үлесі 2,9 пайызға  тең. Электрондық саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 млн адамды құрады», - деді министр.