Қазақстандықтар латын әліпбиіне көшкен кезде құжаттарын ауыстыра ма?

10:52, 12 қыркүйек 2017   142

Бұл сұраққа Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, құжаттар бірте-бірте ауыстырылады. Қазір қолда бар құжаттар мерзімі аяқталғанша жарамды болады. Барлық процесс латын әліпбиіне көшу жоспары бекітілгеннен кейін басталып, халықаралық талаптарға сәйкес өтеді.

Астана радиосы