Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бір аптаға жуық демалады

17:02, 16 ақпан 2017   226

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бір аптаға жуық демалады. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы  Үкімет қаулысына қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды. Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23-і наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24-ші наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен тағы екі күн демалады.

Астана радиосы