ҚР Президенті қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

12:20, 1 мамыр 2019   242

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Президент Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысты.

«Құрметті алматылықтар, барлықтарыңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Әсіресе, жастарды. Гүлдену мен татулық тілеймін. Алматыда көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Әралуандығымызға қарамастан бірлікті сақтау - біздің саясатымыздың мәні осында. Берекелі еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жеттік», - деді ҚР Президенті.