Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкелер өтеді

13:54, 1 мамыр 2019   208

1, 4 ,5 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», – делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.

Жәрмеңкелер «Sine Tempore» СО алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.