Якутияда Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылады

11:43, 15 наурыз 2018   213

Саха Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылады. Орталықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі жайлы кітаптар, оның халықаралық аренадағы орны сонымен қатар қазақ жазушыларының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі кітаптары қойылады. Саха Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресейдің солтүстік-шығысындағы ірі орталықтардың бірі. Кітап қоры 1,5  млн көлемінде. Мұнда негізінен орыс, якут және солтүстіктегі халықтардың тілінде шыққан кітаптар сақталған.

Астана радиосы