«Әділет әлемі»

Жетекшісі: Сайран Құсайынова
 
Авторы, жүргізушісі: Алмас Байдрахманов
 
Ұзақтығы:15 минут

Жиілігі: аптасына бір рет

Форматы: таспа

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-33-47

E-mail: astanafm@kaztrk.kz 
 

Хабардың мақсаты - қоғамдағы құқықтық-заңдық сауаттылықты арттыру. Яғни елімізде қабылданып жатқан заңдар, Кодекстер, басқа да құқықытық-нормативтік актілердің халық игілігі үшін қызмет ететінін, олардың бәрі азаматтарымыздың құқықтары мен міндеттерін нақтылайтынын тайға таңба басқандай көрсету.
 

Берілу тәсілі: Хабар барысында таңдалынып алынған тақырып аясында толыққанды ақпарат беріледі. Елімізде халық заң жағынан сауатты болмайынша, азаматтарымыздың құқықтарын аяқ асты ететін жемқорлық пен парақорлық сияқты індеттің тамырына балта шабу мүмкін емес. Сондықтан да қоғамды, еліміздің ертеңі саналатын жастарды заңды оқып-үйренуге тарту, азаматтарымызды құқықтық сауаттылыққа үйрету бүгінгі күні кезек күттірмес мәселеге айналғаны шындық. Сол себепті хабарда талқыланып отырған мәселенің заңдық аспектілерін түсіндіруге көбірек көңіл бөлінетін болады.
 

Эфирге берілу формасы: Хабар қонақтарынан алды-ала сұхбат алынып, қатысушы пікірі таспаға жазылады. Сондай-ақ, көтеріліп отырған мәселенің ауқымына, өзектілігіне байланысты тыңдарман қауыммен кері байланыс орнату мақсатында, тікелей эфир форматында да ұйымдастырылады.

Астана радиосы