«Алдаспан»

Директор: Қаракөзова Г.Ә.

Бас редактор: Үмбетова Б.С.

АБҚ жетекшісінің орынбасары: Байдрахманов А.Х

Хабардың редакторы әрі жүргізушісі: Ербол Алшынбай.

Эфирден берілетін уақыты:        2 аптада 1 рет,  хабар келесі аптасында қайталаумен беріледі; жексенбі 12:20 - 12.50

Хабардың ұзақтығы:         30 минут

Хабардың түрі: әдеби - танымдық радиожурнал. Хабар сұхбат және талдау түрінде болады.

Хабардың мақсаты: Хабарда қазақ әдебиетінің классикалық үлгілерін талдау, қазіргі әдеби үрдістермен, жаңалық-ізденістерімен таныстыру және әдеби ортадағы белгілі даталар мен әдеби тұлғалар туралы хабардар ету. 

Хабардың жасалу формасы: «Алдаспан» бағдарламасы жазылып алынады және тікелей эфирде жүреді. Негізгі «Ақинақ» және «Адырна» атты екі бөлім және «Тәбәрік» атты айдардан тұрады. Бірінші бөлімде әдебиеттің классикалық үлгілеріне шағын талдаулар жасалады. Екінші бөлімде студияға қонақ шақырып қазіргі әдеби кеңістік туралы сұхбат жасалады немесе жас ақындарға өз шығармашылығынан өлең оқытады. «Тәбәрік» айдарында әдеби өмірдегі елеулі даталарды хабарлап, құттықтаулар мен аңдатпалар жасалады.

Астана радиосы