«Әнтұмар»

Жүргізушісі: Сымбат Талғатқызы
 
Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі,13:20
 
Ұзақтығы: 30 - 35 минут
 
Жиілігі: аптасына бір рет
 
Жанры: музыкалық, ойын-сауықтық
 
Байланыс телефоны: 8(7172) 55-32-94, 55-33-47
 
 
Хабардың мақсаты - Астана мәдениетін қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған хабарға Астана өнерінің өкілдерін тарту арқылы тыңдармандарға елорданың өзіндік мәдени ортасының қалыптасып келе жатқанын көрсету. Астананың мәдени имиджін насихаттау мақсатымен ұйымдастырылған бұл хабардың басты мақсаты, елорда жастарының музыкалық талғамына дұрыс ықпал жасау. Студияға келген әншінің репертуарынан ең сапалысын таңдап алып, эфирде тұрақты ұсыну.

Идеясы: радиода кейінгі кезде қолданыла бермейтін «дөңгелек үстел» талдамалық жанры осы хабарда көрініс табады. Студияға келген әнші өзі қалаған 4-5 әнді ұсынады, осылардың әрқайсысына талдау жасайтын арнайы сарапшылар шақырылады. Сарапшылар талаптарына жауап беріп, студияға хабарласқан тыңдармандардың көңілінен шыққан ән - сол әншінің немесе топтың «Әнтұмары». Тікелей эфир студиясына шақырылған қонақтар жүргізушімен сұхбаттаса отырып, байланысқа шыққан тыңдармандардың сауалдарына жауап береді. Астана радиосның форматы мен сөйлеу стиліне сәйкес хабар жеңіл формада, әңгіме ретінде өтеді. Интерактивті түрде болғасын, хабарға ғаламтор арқылы қойылған сауалдар да пайдаланылады.

Астана радиосы