«Ақиқат алаңы»

Бас редакторы: Базаргүл Сейітжанқызы

Жүргізушісі: Ербол Алшынбай 
 
Эфирге шығатын уақыты: бейсенбі, 13:20

Ұзақтығы: 20 минут

Жиілігі: аптасына 1 рет
 
Жанры: ақпаратты-танымдық

Форматы: таспа

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-33-47

Хабардың мақсаты - Қоғамдағы жастардың түйткілді мәселелеріне бүгінгі күннің жаршысы – жас ұрпақ пен көненің көзі – аға толқынның көзқарасын ескере отырып, шынайы баға беру. Жастар мен аға ұрпақ арасындағы сабақтастық, рухани үндестік, өткен мен бүгіннің ажырамас байланысы – бағдарламаның басты назарында.

Берілу тәсілі: Хабар барысында бүгінгі қоғам тұлғаларының тағдыры, тәуелсіз тарихты қалыптастырған азаматтардың – сол егемендіктің еркін ойлы жастарына айтар аманаты, олардың жастар тәрбиесіндегі рөлі айқындалады. Бағдарламада жастар арасындағы ең өзекті мәселелер сараланып, хабардың кезекті санына арқау болады. Тақырыпты ашу кезінде елге еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, әлеуметтік (білім, ғылым денсаулық, мәдениет) сала мамандары мен танымал тұлғалар өз өмірінен өнегелі әңгіме өрбіте отырып, бүгінгі тұрмыстың түйткілді тұстарын талқылауда жастарға бағыт-бағдар береді.

Сондай-ақ, жастардың жаңашыл ойларына, соны пікір, тың идеяларына ден қойылып, тыңдарман қауымға талқыланып отырған тақырыптың ақиқаты ұсынылады.

Эфирге берілу формасы: Хабар қонақтарынан алды-ала сұхбат алынып, қатысушы пікірі таспаға жазылады. Сондай-ақ, көтеріліп отырған мәселенің ауқымына, өзектілігіне байланысты тыңдарман қауыммен кері байланыс орнату мақстында, тікелей эфир форматында да ұйымдастырылады.

Астана радиосы