«Жұлдызды Астана»

Жүргізушісі: Сымбат Талғатқызы 
 
Эфирге шығатын уақыты: жұма,17:20
 
Ұзақтығы: 30 минут
 
Жиілігі: аптасына бір рет
 
Жанры: музыкалық, ойын-сауықтық
 
Байланыс телефоны: 8(717) 255-32-94, 255-33-47

Е-mail: radioastana@kaztrk.kz 
 
Дауыс бер: zhuldyzdyastana.kaztrk.kz
 
 Астананың мәдени бейнесін қалыптастыруда «Жұлдызды Астана» хит шеруінің алатын орны зор. Тыңдармандар назарына жаңа әндер мен олардың орындаушыларын ұсына отырып, Астананың үлкен өнер жолына жолдама алып береді, деуге болады. Бас қаланың жас орындаушыларының әндерін хит шеруге қосу арқылы елорда мәдениетінің дамуына үлес қосу, жас қаланың өзіндік музыкалық өнімін көпшілікке таныту, бұл туындыларды  жарыққа шығарып жатқан авторлардың да еңбегін атап өту - хабардың басты мақсаты.
Идеясы: Астана әншілері  ұсынған әндерден хит-шеру дайындалады. Бұл әндер «Астана» радиосының эфирінде тұрақты беріліп тұрады. Аптаның соңында хит шерудің  қорытындысы шығады.  Қорытынды тыңдармандардың дауыс беруі арқылы шығарылады. Хит шерудің әрбір жаңа маусымы бір ай көлемінде өтеді. Сәйкесінше айлық қортыныды да тыңдармандар дауыс беруі арқылы жүзеге асады.

 

Дауыстар сайт арқылы, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі аккаунттарымыз арқылы беріледі.

Астана радиосы