«Қоғамдық кеңес»

Директор: Қаракөзова Г.А.

Бас редактор: Үмбетова Б.С.

АБҚ  жетекшісінің орынбасары: Байдрахман А.Х.

Хабардың редакторы әрі жүргізушісі: Байдрахман А.Х.

Эфирден берілетін күні: сәрсенбі, 15.20 – 15.50

Хабардың ұзақтығы:         30 минут

Хабардың түрі: ақпараттық-танымдық, сұхбат, комментарий

Хабардың жасалу формасы: Бағдарлама барысында көтерілетін тақырыпқа орай арнайы ведомство өкілдері, халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері, сарапшылар шақырылып, өз ойларымен бөліседі. Хабар тікелей эфирде немесе алдын-ала жазылып, таспа ретінде беріледі. Эфирге екі аптада бір рет шығады.  

Бағдарлама мақсаты: Еліміздегі қоғамдық кеңестердің атқарып жатқан жұмыстары сараланады. Ондағы әлеуметтік, экономикалық, өзге де салаларға қатысты көкейкесті мәселелер тыңдарманмен бірге талқыланады.

Ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын мемлекеттік бағдарламалар, түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси құжаттардың қоғам өміріндегі маңызы жайлы айтылады. Қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселелер мен күн тәртібіндегі негізгі оқиғалар бағдарлама жүргізушісінің басты назарында. Сондай-ақ, қоғамдық үрдістерге қатысты сарапшылардың көзқарасы мен түрлі ведомство өкілдерінің пікірі анықталып, тыңдарманға объективті ақпарат, дәйекті дерек ұсынылады.

Астана радиосы