«Өркениет өрісі»

Директор: Қаракөзова Г.А.

Бас редактор: Үмбетова Б.С.

АБҚ жетекшісінің орынбасары: Байдрахман А.Х.

Хабардың редакторы әрі жүргізушісі: Жанагүл Тлепбергенова

Эфирге шығатын уақыты: сәрсенбі, 12.20; (қайталауы – жексенбі, 11.06)

Ұзақтығы: 10 минут

 

Хабардың мақсаты - Қазақстандық ғылымның дамуы мен саладағы жаңашылдық туралы жастарға ақпарат беру. Техникалық-инновациялық өндірістің дамуы, ондағы жаңа тендециялар мен оларды отандық ғылымға енгізу мәселесі сөз болады. Сондай-ақ, елімізде EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, құрылыс барысындағы жаңа техникалық мүмкіндіктер сараланады. Жастарымызды елін, жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу – негізгі мақсат.

Хабар келесідей айдарлардан тұрады:

  1. «Жас дарын» айдары

 Қазақстанның жас өнертапқыштарымен сұхбат, жас буынды ғылымға жетелеу курстары туралы ақпараттар қозғалады (магистратура түлектері, университет студенттері мен мектеп оқушыларының ғылыми жобалары, өнертабыстары).

  1. «Қызықты ақпарат» айдары

Ғылым және техника тарихынан қызықты ақпарат, күнтізбелік шолу, бір саланы талқылау (шығу себебі, өркендеу, нәтижесі, пайдасы), заманауи техникажетістіктері.

  1.  «Астана EXPO-2017» айдары

 (Экспо жаңалықтары және баламалы куат көздері туралы статистика)

  1. «Тұрмыста пайдаланатын кеңестер» айдары

(Үйтұрмысында қолданылатын пайдалы кеңестер, мәліметтер беріледі)

 

Астана радиосы