Марал Ками

 

 

Марал Камидің негізгі мамандығы – дизайнер, эстрада-джаз бағытындағы әнші және арт-менеджер. Ол 1984 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген.

Козлов атындағы Мәскеу импровизацияланған музыка колледжінің джаз орындау факультетінде білім алған. Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық өнер университетінің эстрадалық факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық хореография академиясында «арт-менеджмент» мамандығы бойынша білім алуда. Ол біраз уақыт КВН-да әртіс, дизайнер және әнші, жүргізуші болып жұмыс істеді. Бүгінгі күнде «Жігер» эстрадалық-джаз оркестірінің және «Majorland» тобының солисі.

Сонымен қатар, Марал Ками Астанадағы джаз кештері мен түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысады. Ол «Х-фактор» және «Қазақстан дауысы» сияқты телевизиялық жобаларға қатысқан. Музыка мен ән жазады.