Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі;

2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі; 

2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бүгінге дейін Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.