Сымбат Талғатқызы

Ару Алматыда туып-өскен. Ал өніп-өркендеген жері - айбынды Астана. Отбасы мәселесіндегі ойы: «Тәрбие отбасынан басталады». Еңбектегі позициясы:

«Жұмысқа қуанышпен келіп, үйге мақтанышпен қайту – нағыз бақыт». Сезім мәселесіндегі пікірі: «Махаббат - екі адамның бір-біріне емес, бір жаққа қарай білу қабілеті».

Өмірлік ұстанымы: «Қандай жағдайға ұшыраса да, одан сабақ ала білген адам даналыққа бір табан жақын тұрады». Ұраны: Тек алға! Сымбаттың дерті - радио, одан айығудың жолын іздемейді де. Қайта осы дерттің ұзаққа созылғанын қалайды.