Волков Кирилл Владимирович

Кирилл Владимирович 1985 жылы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Астана» радиосында жүргізушілік қызметтен бастаған.  

2004-2005 жылдары «Деловая Волна» радиосында жүргізушілік қызметін жалғастырды.

Ал, 2005-2011 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарда менеджерлік қызметтен бастап  басшылық қызметке дейін жұмыс атқарған.  

2011-2015 жылдары – «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ атқарушы директорының орынбасары, кейіннен атқарушы директор қызметінде болды.

2016 жылдан бастап «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметінде жұмыс жасады.

2017 жылдың 29-шы мамырынан бастап «Астана» радиосының бас редакторы қызметін атқарды.